Басты бетЖаңалықтарДиета адамның...

Диета адамның өмір жасын ұзартады

Мамандардың айтуынша, тамақтану рационында ет пен газдалған сусындарды азайтып, оның орнына денсаулыққа пайдалы көкөніс, жеміс-жидек, жаңғақ, балық өнімдерін көбейту өлім-жітім қаупін азайтады екен.

Ең тиімді диета — жерорта теңіздік диета мен DASH (Dietary approaches to stop hypertension) дейді сарапшылар. Диетаның бұл  түріне көкөніс, жеміс-жидек, жаңғақ, асбұршақ, жасымық, тазартылмаған зәйтүн майы мен балық өнімдері кіреді. Диета кезінде майлы тағамдардан, сүт өнімдері мен еттен толықтай бас тарту керек.

Америкалық ғалымдар 12 жыл бойы 74 мыңға жуық қарт адамның тамақтану режимін бақылаған. Он екі жылдық зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйеніп, мезгілсіз өлімге әсер ететін ең басты фактор — тамақтану екенін анықтаған.

Ғалымдар еттің орнына күнделікті жаңғақ жеу өлім қатерін 8-17 пайызға азайтатынын дәлелдеген.