Балпық бидің дулығасы Астанаға әкелінді

Астанада өтіп жатқан Алматы облысының Мəдениет күндері аясында қалаға барлығы 231 экспонат пен 30-ға жуық картина əкелінген.

Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, музей экскурсоводтары келушілерге қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қызмет көрсетіп жатыр. Олар жəдігерлер мен олардың тарихы туралы кеңінен əңгімелейді. Мəселен, музейге әкелінген Балпық бидің XVIII ғасырда қалмақтармен соғыс кезінде киген дулығасын ұрпақтан ұрпаққа оның тікелей ұрпағқтары 1980 жылдары мұражайға əкеліп тапсырған. Ал жыр алыбы Жамбылдың мулине жібімен тоқыған портретін 1930 жылдары Өзбекстанның он алты жасар суретшісі ақынға сыйға тартқан.

Айта кетсек, тарихы сырға тұнған жəдігерлер мен көрнекті картиналар көрмесі тамыз айының 7-сіне дейін жалғасады.