Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары енді музейден императорлардың қылыштары мен жауынгерлердің өзге де қару-жарақтарын көре алады. Олар «Шығыс пен Батыс: Эрмитаж мемлекеттік жинағындағы көне қарулар» көрмесінде топтастырылған. Көрме «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің аясында ұйымдастырылып жатыр.
Көрмеден Түркия, Иран, Үндістан, Жапония, Франция, Италия сынды өзге де елдердің ұрысқа, аңшылыққа, салтанатты шерулерге арналаған қару-жарақтарын көруге болады.
Олардың хронологиялық жасы 15-19 ғасыр аралығындағы 400 жылды қамтиды.
Олардың ішінде Наполеон Бонапарттың Тильзит келісімі кезінде Александр біріншіге сыйға тартқан қылышы да бар.