Қазақстандық тенор-әнші «ItalianBreak» байқауынан екінші орын иеленді

Байқаудан кейін жеңімпаз болашақта шетелде білім алатынын айтты.

«Мұндай халықаралық байқауларға қатысу үшін үлкен іріктеулерден, түрлі сыннан сүрінбей өту қажет… Енді алдағы уақытта жарты жыл шетелде білімімді шыңдасам деген жоспарым бар», – деп жеңімпаз өз қуанышымен бөлісті.

Қуат Бағысбек байқау кезінде маэстро Аугусто Чиаватта, Ла Скала театрының әйгілі виолончель шебері Клаудио Казадеи тәрізді талғамы биік әділқазылар алқасын өз өнерімен сүйсінтіп қайтқан.

Айта кетейік, Қуат Бағысбек Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі. Тенор-әнші осы уақытқа дейін Лондонда жеке концертін де берген.