Өзбекстан визасыз «ашық елге» айналады — Шавкат Мирзияев

Өзбекстанда шетелге шығу визасын алып тастауы мүмкін. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов өткізген кеңесте айтылды.

Өзбекстанда қаңтар айында Президент жарлығының жаңа жобасы жарияланған болатын. Жарлықта шетелге шығатын азаматтар үшін виза жасату міндетін алып тастау туралы айтылған.

Кеңес Одағынан қалған ескі жүйе ел азаматтарының сапарға шығуына кедергі келтіріп отыр деп есептейді Өзбекстан үкіметі.

Көрші елдің қазіргі президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстанды әлемге ашық ел жасағысы келетінін, сол үшін елде визасыз режим орнатпақ екенін айтқан болатын. Ол билікке өткен жылы Ислам Кәрімов қайтыс болған соң келген еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version