Басты бет Жаңалықтар Өзбекстан елшілігінің ғимараты салынып жатыр

Өзбекстан елшілігінің ғимараты салынып жатыр

Астанада Өзбекстан елшілігі ашылады. Елшілік ашылған соң көрші елдің Алматы қаласындағы дипломатиялық өкілдігі бас консулдыққа айналады.

Фото: Akorda.kz

Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдуләзіз Камилов Ташкент қаласында осы туралы хабарлады. Тек Астанада ғана емес, Өзбекстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Ресейдің Санкт-Петербург, Қазан, Ростов-на-Дону, Екатеринбург және Владивосток қалаларында консулдықтар ашылмақ.

Өзбекстанның сыртқы істер министрі бірқатар консулдықтарда арыз-талаптарды қарау механизмін жеңілдету керектігіне де тоқталып өтті. Мысалы, шетелде құжаттарын жоғалтып алған азаматтың кім екендігін анықтау үшін бұрын үш ай уақыт қажет болса, енді бұл шаруаның шешімі жеті жұмыс күнінде дайын болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version