Басты бет Жаңалықтар «Ninety One» тобы туралы фильм 24 тамызда шығады

«Ninety One» тобы туралы фильм 24 тамызда шығады

Асқар Ұзабаевтың "91" көркем фильмі ағымдағы жылдың 24 тамызында таныстырылады. Фильм «Ninety One» бойз-бендінің өмірбаяны мен шығармашылығына негізделген.

©Brod.kz

Көркем фильмнің продюсерлері — Әсел Сәдуақасова мен Ерболат Беделхан. Өмірбаяндық фильмнің сценарийін режиссер Асқар Ұзабаев пен Сергей Литовченко жазып шыққан.

«91» фильмі «Ninety One» тобындағы солистердің басынан өткен оқиғаларды баяндайды. Бұл топ музыкадағы Q-pop (қазақ поп-музыкасы) бағытының негізін қалаған. Экранда әнші жігіттер өмірдегі рөлдерін сомдайды. Топтың құрамында Азамат Зенкаев (A.Z), Данияр Кұлымшин (Bala), Дулат Мұхаметқалиев (ZaQ), Азамат Ашмақын (Ace) және Батырхан Мәліков (Alem) бар. Олар фильмде актерлік қырын ғана танытып қоймай, өздерінің әндерін де орындайды. «Ninety One» тобының концерттерінен көріністер де кездеседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version