Басты бет Жаңалықтар «Ninety One» туралы фильм күзде шығады

«Ninety One» туралы фильм күзде шығады

Жуырда «Ninety one» тобы өздері туралы түсірілген фильмді ұсынбақ. Топтың алты айлық еңбегінің нәтижесін қыркүйекте тамашалай аласыздар.

Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.

“Осыдан екі күн бұрын біздің фильмнің түсірілімі бітті. Алдағы қыркүйек айында 91 тобының бастарынан өткен шынайы оқиғаларын көре аласыздар”, – дейді ZAQ.

Топ жаңа түсірілген фильмдерінде өздерінің ән айту бағыттарын кеңірек баяндайтын болады. Сонымен қатар, екі жыл ішінде басынан өткен қиындықтарын да көрсетеді.

Ninety one тобы фильмдерінде тыңдармандарын да ұмытпаған. Есболат Беделханның келіншегі Асыл топтың тыңдармандарының саны 50 мыңға жеткенін айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version