Басты бет Жаңалықтар Қазақстан банкоматтарында ақша ұрлайтын вирус пайда болды

Қазақстан банкоматтарында ақша ұрлайтын вирус пайда болды

Қазақстанда және тағы төрт елде POS-терминалдарға шабуылдап, банкомат карталарынан ақша ұрлайтын вирус пайда болды. Мұны «Касперский зертханасы» анықтады.

«Касперский зертханасы» банкомат карталарынан ақша ұрлай бастаған Neutrino трояндік бағдарламасын анықтады. Аталған вирус терминалдарға тарап, ақша беру кезінде банкомат карталарының мәліметтерін оқиды екен.

Neutrino вирусы ақшаны бірден ұрламайды. Қауіпті бағдарлама банктің қауіпсіздік жүйесін айналып өтеді. Күдікті кодтарды тексеру барысында вирус әрекетсіз болады. Ақша картадан кейін ұрланады.

Neutrino шабуылдарының 25 пайызы Ресейде тіркелген. Кибершабуылдар сондай-ақ Алжир, Қазақстан, Украина және Мысыр елдерінде жасалған. Вируспен зақымдау әрекеттерінің 10 пайызға жуығы шағын бизнес кәсіпорындарына тиесілі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version