Басты бет Жаңалықтар Ресей Қазақстанның 300 гектар жерін қайтарып беретін болды

Ресей Қазақстанның 300 гектар жерін қайтарып беретін болды

Ресей президенті Владимир Путин Ембі полигонын жалға алу туралы келісімді тоқтату туралы хаттаманы бекітті. Бұл келісім 1990 жылдарда бекітілген болатын.

Владимир Путин. Фото: Михаил Климентьев/РИА Новости

Енді ресейлік әскер пайдаланған 300 гектардан астам жер, сонымен бірге полигонның жылжымалы және жылжымайтын мүлігі Қазақстанға қайтарылады.

Осы уақытқа дейін полигонда зенитті зымыран кешендері мен зымыранға қарсы жүйенің, шұғыл тактикалық зымырандардың сынақтары, сонымен бірге әскери жаттығулар өткізіліп келген болатын.

Полигонды жалға алуды тоқтату арқылы Ресей жылына жүз мыңдаған доллар үнемдей алатын көрінеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version