«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жеке меншікке өтуі мүмкін

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы xолдингі» АҚ басқарушы директоры Айнұр Қуатова жекешелендіру арқылы Қазақстан экономикасына шетел инвестияцияларын тартуға болатынын айтты. «Бәйтерек» холдингі де осыған атсыласып отыр. Себебі, жекешелендіруге шығарылатын бірқатар компаниялар осы xолдингтің құрамына кіреді.

«Бүгінде біздің еншілес ұйымымыз — Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне стратегиялық әріптестерді тарту жұмысы басталды. Аталған банк Германияның тәжірибесі негізінде тұрғын үйге ақша жинау жүйесін жүргізіп келеді. Осы орайда құрметті консулдарға банкіміздің стратегиялық әріптестерін іздестіруге атсасылуды ұсынамыз. Ол арқылы акционерлік капиталды тартып қана қоймай, ипотекалық несие нарығын да дамытуға болады», — дейді Айнұр Қуатова.

«Бәйтерек» xолдингі бұдан бұрын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» бөлек, «КазЭкспортГарант» АҚ, Қазақстанның инвестициялық қоры дәне Теxнологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктерді жекешелендіруге шығаратынын жариялаған болатын.

ДереккөзInform.kz