Басты бетАяқ киім...

Аяқ киім сатып алуға арналған 5 кеңес

#1. Сатып алу уақыты

Аяқ киім сатып алуға күннің екінші жартысында шыққан дұрыс. Себебі, кешкі уақытқа қарай күні бойғы жүрістің әсерінен аяқ ісіп кетуі мүмкін. Ал, таңертең сатып алынған аяқ киім кешке қарай қысады.

#2. Шұлықты дұрыс таңдау

Аяқ киім алу кезінде оны қандай шұлықпен киетініңізді ескеріңіз. Мәселен, кроссовка алатын кезде оны капронды шұлықпен өлшемеңіз.

#3. Өлшемін таңдау

Кейде аяқ киімде көрсетілген өлшем сізге сай келмеуі мүмкін. Мысалы, сіздің аяғыңыздың өлшемі — 37, алайда сатып алу кезінде 37-ші өлшемді туфли сізге шақ келмейді. Себебі, әр фирманың өлшемдері әртүрлі болады.

Сондай-ақ, егер сіздің сол және оң аяқтарыңыздың өлшемдері әртүрлі болса, аяқ киімді үлкен өлшемге қарап таңдаған дұрыс.

#4. Аяқ киімнің дәл екенін қалай білеміз?

Кейде сатып алғалы тұрған аяқ киімнің дәл немесе дәл емес екенін айыру қиын болады. Әсіресе, кішкентай балаңызға алып тұрған кезде. Бұндай жағдайда аяқтың бас бармағы мен аяқ киім ұшының арасына мән беру керек. Ол аралық 0,5- 1,5 сантиметрді құраса, бұл аяқ киім сізге шақ келеді деген сөз.

#5. Жүріп көру

Үйіңізде ыңғайсыздығынан кигіңіз келмейтін аяқ киімдеріңіз көп пе? Әсересе, әйелдер қауымы биік өкшелі туфли сатып алған соң, оның аяғын ауыртатынын айтып шағымданып жатады. Бұлай болмауы үшін, сатып алу кезінде аяқ киімді киіп, ары-бері жүріп көріңіз. Өкшесі ыңғайлы ма, жоқ па тексеріңіз. Кейбіреулерінің ішінде аяққа бататын тігістері, темірлері немесе өзге де заттары болуы мүмкін.

«Біраз жүрген соң, өздігінен кеңейіп кетеді» дегенге сене бермеңіз. Кеңеймей, сол қалпын сақтап тұратын аяқ киімдер де бар.