Мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметовтың пікірінше, жаңа реформа бойынша, парламент тек қана заң шығарып қоймайды, олардың сол заңдарды бақылай алатын өкiлеттiгi артпақ. Президент қорғаныс саласы мен сыртқы істер министрiн ғана өзi тікелей тағайындайды. Қалған министрлерді міндетті түрде Мәжiлiстің келісімін алғаннан кейін ғана тағайындайтын болады. Осылайша Парламенттiң рөлi артып отыр.
Тағы бір маңызды жайт, депутаттар енді көпшілік дауыспен министрлерді отставкаға жіберетін өкілеттікке ие болмақ.
«Ендігі жердегі үлкен жаңалық – Мәжіліс депутаттарының үштен екісінің астамы министрді орнынан түсіру жөнінде ұсыныс жасайтын болса, онда Президент оны қабылдауға міндетті болады», — дейді Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы 25 қаңтар билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша Қазақстан халқына үндеу жасаған еді. Саяси реформаға сәйкес, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктері Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берілмек. Сонда бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Бұл өзгерістерді Үкімет қазіргі Парламенттің сессияның аяғына дейін Парламентке енгізуі тиіс.
Бұдан бөлек, билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету мақсатында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлі күшейтіледі. Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады. Бұл министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырмақ. Тиісінше, биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауын күшейтеді.
Заң шығарушы өкілдер оны өздері бақылауда ұстағандарын құп көремін, жөн!
Міне бұл шынымен тосын жайт! Парламенттің рөлі бірден артары сөзсіз.
Министр таңдауда парламент әділ шешімге келсе болғаны, біз тек қолдаймыз.
Міне бұл нағыз демократия дәуреніне қадам бастық деген сөз!
қорғаныс және сыртқы істер министрлігі аса маңызды лауазым иелері, Президент өзі білетін, сенетін, білікті маманға тапсырғаны жөн әрине
Мұндай өзгеріс күтпеген едік, біраз таңырқап отырмын, өзгерістер сағат санап артуда
Шенеуіктер күн түн демей қызмет атқарып жатқанға ұқсайды, сәттілік серік болсын!
Құзіретті бөліп беру арқылы аса үлкен жауапкершілік жүктелетінін ұмытпай, тынымсыз қызмет етсін басқарушы орган қызметкерлері
Ұзақ жылдар бойы өзгеріссіз келген тұрақты жүйеден ауысқанымыз жөн болған негізі, жаңашылдықты байқап көру керек
Осы жүйеге көшкен елдердің барлығы дерлік қарқынды дамып келеді, лайым бізде де солай болсы
Қоғамда көп талқыланып, барлығы өз ұсыныстарын айтып қалыспауда, бастысы көбісніің көңілінінен шыққанға ұқсайды
Жаңа реформа бойынша президент тек екі министрді ғана тағайындай алады екен. Бұл таза демокрия.
Меніңше осылай дұрыс. Көптеген елдердің Парламенті мен үкіметі Президентпен қатар отырып шешім қабылдай береді.
Өкілеттілікті бөлу деген осылай өтуі тиіс. Міне осыдан кейін еліміздегі реформалардың орындалуы күшейеді.