Басты бетЖаңалықтарӘлем экономикасында...

Әлем экономикасында доллардың дәуірі аяқталуға жақын — сарапшы

«Әлем экономикасының тарихына қарасақ, доллардың алдында фунт стерлинг ЖАҺАНДЫҚ ВАЛЮТА болған. Оны доллар ығыстырды. Таяуда долларды да ығыстыратын валюта тарих сахнасына шығады», — деп атап өтті сарапшы.

Бұл оқиға АҚШ-тың әлемдік экономикадағы үлесі «табиғи түрде» қысқарған кезде орын алады.

«Доллар үстемдігінің құлдырауы әлем экономикасында апатты жағдай тудыра ма, жоқ па — белгісіз. Бірақ, күндердің күнінде доллар үстемдігінің жойылатыны анық», — деді Осаковский.

Сондай-ақ сарапшы АҚШ-тың қарызы абсолютті мәнде өте үлкен екендігін атап өтті. Қазірдің өзінде Американың әлем елдеріне 16-18 триллион доллар көлемінде берешегі бар. Экономист осы орайда АҚШ-та қарыз дағдарысы болу ықтималдығы жоғары екендігін атап өтті.

Дереккөз7kun.kz