Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Осы аймақта бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай жарқылдап, жел тұрады.
Қарағанды облысында желдің екпіні 25 м/с дейін барады.
Кызылорда облысында жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Күндіз аптап ыстық болады.
Маңғыстау, Қостанай облыстарында найзағай ойнайды, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан облысында да жел тұрады.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, сондай-ақ Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының кейбір аудандарында күн ысиды.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.