Басты бет Жаңалықтар Лионель Месси «Барселонамен» келісімшартын төрт жылға ұзартты

Лионель Месси «Барселонамен» келісімшартын төрт жылға ұзартты

Әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Месси «Барселонамен» келісімшартын 2021 жылға дейін ұзартатын болды.

Бұл туралы каталондық клубтың ресми сайты хабарлады.

30 жастағы футболшы 15 шілде күні өзі ойнап жүрген командамен келімшартын 2022 жылға дейін ұзартатыны туралы айтқан болатын.

Бүгін жарияланған ресми ақпар бойынша, ойыншы келісімшартын 2021 жылға дейін ұзартады екен. Негізі оның қазіргі келісімшарты 2018 жылдың жазында аяқталады.

Лионель Месси «Барселона» сапында 2003 жылдан бері ойнап келеді. Сегіз рет Испания чемпионатында, төрт рет Чемпиондар лигасында топ жарды. Бес рет Испания кубогында үздік шықты.

Футболшы каталондық клуб сапында 583 ойынға қатысып, 507 гол соқты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version