Басты бет Жаңалықтар Лионель Мессидің үйлену тойы «ғасыр тойы» атанды

Лионель Мессидің үйлену тойы «ғасыр тойы» атанды

Танымал футболшы Лионель Месси үйлену тойын Аргентинаның Росарио қаласында атап өтті. Аргентина баспасөзі бұл тойға «ғасыр тойы» деген атау берді.

Лионель Месси Антонелла Рокуццомен үйлену тойына 260 адам шақырған. Қонақтардың қатарында атақты футболшылар мен танымал тұлғалар бар.

Футболшының салтанатын жүздеген полиция қызметкерлері күзетуде. Шарадан ақпарат алу үшін 150 журналист аккредиттелген екен.

Лионель Месси мен Антонелла Рокуццоның таныстығы бала күндерінен басталған. Қазір олардың екі баласы бар. Әйелінің жасы 29-да болса, футболшының өзі 30 жасында отау құрып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version