Басты бетЖаңалықтарАлматыда еріктілер...

Алматыда еріктілер «Көршілер театрын» құрды

Ұйымдастырушылар аптасына үш рет ашық аспан астында бас қосып, түрлі қойылымдарды сахналайды. Спектакльге ауладағы күнделікті тіршіліктің тақырыптары арқау болады. Жаз бойы аула тұрғындарына ұсынылып, елдің көңілінен шыққан үздік қойылым қала күні үлкен сахнаға шығарылады деп жоспарлануда.

«Көршілер театрының құрамына кез келген адам мүше бола алады. Тек шеберлігін көрсетсе жеткілікті», – дейді ұйымдастырушылар.

«Көршілер театры» жобасының жетекшісі Алеся Нугаева: «Біз өткен айда театрдың жұмысы туралы рұқсат, келісімдер алдық. Сенбілік өткізіп, «Бауырсақ Пати» жасадық, аула тұрғындарымен кеңесіп, қойылымның жобасын дайындадық. «Көршілер театрының» көркемдігіне қол ұшын беремін дейтіндер болса, қуана қарсы аламыз,»- дейді.

Дереккөз24.kz