Елордада ашық аспан астындағы кинотеатр ашылды

«Сарыарқа» ауданының аумағында ашық аспан астындағы кинотеатр ашылды. Жазғы кинотеатр Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының алдында, Арбаттың жанында орналасқан.

Таза ауамен тыныстап, фильм көргісі келетін көрермендер үшін орындықтар қойылды. Олардың үстіне ұлттық нақышта тігілген жұмсақ көрпешелер төселген.

Сонымен қатар көлемі 3х8 метрлік заманауи лэд-экран орнатылды. Жазғы кинотеатрдың техникалық ашылуы бүгін кешкі 21:00-де «Қазақ елі» фильмінен басталады.

ДереккөзBaq.kz