Синоптиктердің болжауынша, республиканың көптеген бөлігінде шілде айында орташа температура нормаға сәйкес. Тек батыс аймақтарда ауа температурасы 1 градусқа нормадан жоғары болады.
Жауын-шашынның айлық мөлшері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының таулы аймақтарында нормадан көп, республиканың қалған аймақтарында нормаға жуық және аз болады деп болжануда.
Айдың басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, желдің күші 9-14, кей жерлерде 15-20 м/с болып, қалған аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Тек оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда антициклон әсерінен күн ашық.
Ауа температурасы батыста түнде 15-20 градус жылы, күндіз 30-35 градус ыстық болады.
Еліміздің солтүстік, шығыс және орталығында түнде 13-18 градус, күндіз 28-33 градус ыстық.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста түнде 20-28 градус, күндіз 35-40 градус шамасында болады деп болжануда.
Мерекелік демалыс күндері, яғни, 6-9 шілдеде ауа температурасы жоғарылайды. Республиканың солтүстік жартысында күндіз 33-38 градус, ал оңтүстік бөлігінің кей жерлерінде күндіз 42 градусқа дейін ыстық болады.
Айдың ортасында Орталық Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығуы ауа температурасының жоғарылауына себеп болады.
Екінші және үшінші онкүндіктің соңында ыстық күндер салқын және жаңбырлы күндерге ауысады.