Бұл туралы Алматы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
27 маусымнан бері жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нəтижесінде телефон қоңырауларын тексеру барысында 2 адам күдікті ретінде ұсталды. Олардың бірі — банк қызметкері, ал екіншісі күзетші болып қызмет еткен.
«Күдіктілерден 65 млн 300 мың теңге көлемінде ақша тəркіленді. Екі күдікті де уақытша қамау абақтысына жөнелтілді», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 27 маусым күні кешкісін «Арай» тұрғын үйінде орналасқан банк ғимараты тоналған еді. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.