Басты бетЖаңалықтарҚажылыққа баратындардың...

Қажылыққа баратындардың коммуналдық қарызы болмауы керек — Әнуар Тұрсынов

Ислам дінінде қарызын қайтармау күнә болып саналады. Сондықтан, Ташкент қаласының бас имам-хатыбы Әнуар Тұрсынов коммуналдық қарызы бар адамдарды қасиетті сапарға жібермеу керек екендігін айтты.

«Қарызы бар адамның қажылығы қабыл болмайды. Сондықтан, коммуналдық қарызы бар адамдарды Меккеге баратын ұшақтың маңына да жолатпауымыз керек. Мұсылмандар бір тамшы су үшін де Алла алдында жауап береді. Мұсылман ағайындар мұны дұрыс түсінуі керек,- деді ол.

Әнуар Тұрсынов қажылыққа барғысы келетін мұсылмандарды судың, газдың және электр энергиясы бойынша жинақталып қалған қарызы бар болса, төлеуге шақырды.

Мұндай шешім қабылдауға Өзбекстандағы жеке және заңды тұлғалардың газ бен электр энергиясы үшін төленбеген қаржы көлемінің шамадан тыс көп болуы себеп болды. Қазірдің өзінде аталған елде коммуналдық қарыздың мөлшері 1,25 млрд долларға жеткен.

ДереккөзBaq.kz