1 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ақмола, Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, осы аймақтарда бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан  облыстарында жел екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде ыстық болады.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы жоғарылап, кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.