Басты бет Жаңалықтар Желіде жағымсыз пікір жазғандар жауапкершілікке тартылады

Желіде жағымсыз пікір жазғандар жауапкершілікке тартылады

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми өкілі Альбина Әтей бүгінгі брифингте әлеуметтік желілерде пікір жазатын тұлғалардың жауапкершілігі туралы ақпарат айтты.

Альбина Әтей ғаламтор ресурстарының барлығы Заңға сәйкес БАҚ қатарына жататынын айтты. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде жарияланған ақпараттар БАҚ өнімі болып табылатынын растады.

«Кімге тиесілі екеніне қарамастан, интернет-ресурста және әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратты нақтылау мен тексеру «БАҚ туралы заңға» сай. Мұндағы ақпарат заңды және жеке тұлғаның құқықтары мен мүдделеріне қайшы болмауы керек», — дейді министрлік өкілі.

Заңдағы талаптарға сай келмейтін ақпаратты таратушы адамға 5000 АЕК айыппұл салынады немесе екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version