Басты бет Жаңалықтар Елордалықтар айыппұлдың қай түрін жиі төлейді?

Елордалықтар айыппұлдың қай түрін жиі төлейді?

2017 жылғы қаңтардан бастап елордалық тәртіп бұзушыларға жиі салынатын әкімшілік айыппұл түрлерінің тізбесі жасалды.

Көрнекі сурет

Астана ІІД жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, жиі салынатын айыппұл тізімін жасады:

1. Қала көркіне нұқсан келтіру, инфрақұрылым нысандарын бұзу, көгалдандырылған жерлерді жайпау фактісі бойынша – 13394 қылмыс жасалған. Оның әрқайсысына салынатын айыппұл- 45380 тенге.

2. Рұқсат етілмеген орындарда темекі шегу бойынша 9857 факті тіркелген. Оның әрқайсысына салынатын айыппұл 6807 тенге.

3. Мас күйінде қолға түсу бойынша – 8716 заңсыздық анықталған. Айыппұл-11345 тенге

4. Жұрттың тынышын алу (түн уақытында 23 00-ден таңғы 6-ға дейін)– 3 052 заңсыздық жасалған. Айыппұл-11345 тенге.

5. Бұзақылық – 2286. Айыппұл-22690 тенге немесе 10 күнге әкімшілік қамауға алынады.

6. Жөн жосықсыз жабысып-жармасу (көшеде тауарын тықпалау, қайыр сұрау, бал ашу т.т) – 968 қылмыс. Айыппұл- 11345 тенге.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version