Елбасы Қазақстанда қанша қазба байлық бар екенін айтты

«Біздің елімізде мұнай, көмір, газ, уран сынды пайдалы қазбалардың мол қоры бар. Олардың көлемі мұнай эквивалентінде 32 млрд тонна немесе бұл әлемдегі барлық табиғи қордың 4%-ы», — деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ұлттық экономика шикізатқа тәуелді болмас үшін тиісті салалық бағдарламаларды жүргізіп жатқанын айтты.

«Елімізде ауқымды инновациялық жобалар жүзеге асырылды. Қуатты инфрақұрылымдық бағдарламаларды дамытып жатырмыз. Біз экономиканы әртараптандыруға және оның шикізатқа тәуелді болмауын қамтамасыз етуге тырысамыз», — деп түйіндеді сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, шетелдік инвесторлардың кеңесі – Елбасының жарлығымен 1998 жылы 30-маусымда құрылған консультативті-ақылдасушы орган. Оның мақсаты инвестициялық мәселелерді жылдам шешу үшін Қазақстан үкіметі мен инвесторлар арасында тікелей диалог орнату. Әдетте бұл отырыстар жылына бір рет өтеді. Аталмыш кеңестің құрамына 35 трансұлттық компаниялар мен халықаралық ұйымдар кіреді.

ДереккөзBaq.kz