Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежай
Нью-Йорктегі халықаралық әуежайға АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннедидің есімі берілген. Онда халықаралық рейстермен бірге ішкі рейстер де жүреді. АҚШ-тағы халықаралық тасымалдың 20 проценті осы әуежайда жасалады. Бұл елдегі ең жоғарғы көрсеткіш.
Әуежай құрылысы 1942 жылы басталып, 1947 жылы аяқталған. 1948 жылдың 31 шілдесінен бастап ол «Нью-Йорк халықаралық әуежайы» деп аталды. Ал қазіргі атауы 1963 жылы берілген.
Джон Кеннеди (1917-1963 жж) 1961 жылдың 20 қаңтарынан — 1963 жылдың 22 қарашасына дейін АҚШ-тың президенті қызметін атқарды. 1963 жылдың 22 қарашасында Техас штатының Даллас қаласында қастандық жасалып, қаза тапты.
Шарль де Голль атындағы халықаралық әуежай
Франциядағы ең басты халықаралық әуежайға бесінші республиканың негізін салушы, әрі бірінші президенті Шарль де Голльдің есімі берілген. Әуежай Парижден 25 шақырым қашықтықтағы Руасси де Франс департаментінде орналасқан.
Күн сайын оның терминалынан 150 мың адам өтеді. Ал жылына 60 миллион жолаушы тасымалданады. 1974 жылы пайдалануға берілген әуежайда бүгінде әлемнің 300 қаласына рейс жасалады.
Шарль де Голль (1890-1970 жж) — француз генералы, мемлекет қайраткері, Бесінші Республиканың негізін қалаушы және оның 1956-1969 жылдары басқарған тұңғыш президенті.
Мұстафа Кемал Ататүрік атындағы халықаралық әуежай
Стамбұлдағы ең ірі екі халықаралық әуежайларының біреуіне Түрік республикасының тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің есімі берілген. Ол Еуропадағы ең ірі әуежайлардың ондығына кіреді.
Әуежай 1924 жылы әскери аэродром ретінде салынған. 1938 жылы тек ішкі рейстер жасайтын алғашқы жолаушы терминалын іске қосты. Ал халықаралық рейстер 1953 жылы ашылды. Тек 1985 жылы ғана оған Ататүріктің есімі берілді.
Мұстафа Кемал Ататүрік (1881-1938 жж) — Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшысы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның 1923-1938 жылдары басқарған тұңғыш президенті.
Джордж Буш атындағы халықаралық әуежай
Техас штатындағы Хьюстонда орналасқан әуежай АҚШ-тың 41-ші президенті Джордж Буштың атымен аталады.
Ол 1969 жылы ашылып, алғашқы кезде «Хьюстон Интерконтинентал» деп аталған болатын. 1980 жылы Хьюстонның қалалық кеңесі оған Техас штатының конгрессмені Микки Леландтың атын беруді ұсынды. Алайда, бұл ұсыныс толығымен мақұлданбай, әуежайдың жолаушылар терминалы ғана Леландтың атымен аталды. Ал, 1997 жылы әуежайға 41-ші президенттің есімі берілді.
Буш, Джодж Герберт Уокер (1924 жылы туған) — АҚШ-тың 1989-1993 жылдары басқарған 41-ші президенті.
Вацлав Гавел атындағы Прага әуежайы
Прагадағы халықаралық әуежай елдің тұңғыш президенті Вацлав Гавелдің атымен аталады. Ол 1937 жылдың 5 сәуірінде ашылып, 2012 жылдың 5 қазанында «Вацлав Гавел атындағы Прага әуежайы» деп аталды.
Вацлав Гавел (1936 — 2011 жж) — Чехословакияның соңғы президенті, Чехияның 1989-1992 жылдары басқарған алғашқы президенті.
Бен-Гурион атындағы халықаралық әуежай
Бен-Гурион атындағы әуежай — Израильдің басты әуежайы. Ол 1936 жылы салынған. Бен Гурион (1886-1973 жж) — 1948-1953 жылдары елдің бірінші премьер-министрі болды.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы
Еліміздегі Астана халықаралық әуежайы осы жылдың 21 маусымынан бастап Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды. Әуежайға Елбасының атын беру идеясы 2008 жылдан бері ұсынылып келген.
Бул ауежайларга президенттердин олгеннен кейин ремесел олардын билик аткаруынан кейин осындай аттар берилген.