2030 жылы Жер бетіндегі адамдар саны қаншаға жетуі мүмкін?

Адамзаттың орташа өмір сүру ұзақтығының ұзаруына байланысты, 2030 жылға қарай жер бетінде өмір сүретін адамдар саны миллиардқа көбейеді. Шамамен 80 жылдан кейін жер бетінде қазіргі деңгеймен салыстырғанда 80 жастан асқан адамдар саны жеті есеге артады.

2030 жылға қарай жер бетінде өмір сүретін адам саны  8,6 миллиардқа, 2050 жылы — 9,8 миллиард, 2100 жылы — 11,2 миллиардқа жететіндігіне болжам жасалады.

Бұл туралы БҰҰ бас хатшылығының экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаменті дайындаған әлемдік демократиялық жағдай және оның өзгеріс перспективалары жайлы баяндамасында айтылған.

ДереккөзInform.kz