Министр Дәурен Абаев ауыл тұрғындарын, халықтың басым бөлігін сапалы байланысты Интернет желісімен қамтамасыз етуді мақсат етіп отырғандығын айтты.
«Заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылым құрудың нәтижесінде Интернет пайдаланушылардың саны 2016 жылы 77 проценті құрады. Халықтың 94 проценті 2G стандарттағы ұялы байланыспен, 87 проценті 3G, ал 69 проценті 4G стандартты қызметпен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдың соңында 51 аудан орталығы 4G желісіне қосылады және барлық аудан орталықтарының тұрғындары жоғары жылдамдықты Интернетті пайдалана алатын болады», — деді министр.