Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
2017 жылғы 20 маусым
№381 Астана, Үкімет үйі
Астана халықаралық әуежайын қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темір жол вокзалдарына, темір жол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мелекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Астана халықаралық әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып қайта аталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Астана халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы бастаманы әуежай ұжымы көтерген болатын.
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясында Елбасының есімін маңызды нысандарда көрсету ұсынылған.
Декларацияда : «Ел Конституциясында Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің мемлекетімізді құрудағы бірегей үлесін атап өтуді, Елбасының есімін елорданың атауында және еліміздің басқа да маңызды нысандарында көрсетуді ұсынамыз. Біздің тұтас мақсатымыз — Елбасы төңірегіне топтасып, ең қымбат қазынамыз — тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап және ұрпақтарымызға аманаттап, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын қастерлеу», — делінген еді.
Елбасымыз аман болсын осы дарежеге жетип елимиздин тыныштыгы барлыгы елбасынын аркасында
Жаксы жаксы
Онда не болады?
Бирдеме озгереме?
Дұрыс. қолдаймын! Орта Азия елдерінде болмаған іс шараларды өткізіп, әлемге Қазақстан деген елді танытты. Еңбегі зор!
Ote duris dep oylaymin. El basimiz osi kunge jetkizdi emespa. Arine halik koldaydi dep oylaymin.