Басты бет Жаңалықтар Назарбаев үш Заңға қол қойды

Назарбаев үш Заңға қол қойды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ дипломатиялық қызмет органдарының тиімділігін жоғарылатуға бағытталған «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұған қоса, Елбасы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version