Топ продюсері фильмнің автобиографиялық тұрғыдағы толықметрлік кино болатынын айтты. Ал, Ninety One жігіттері бірінші рет үлкен фильмге түсіп жатыр. Айтуларынша, түсірілім оңайға тиіп жатқан жоқ.
«Әртіс болғаннан кейін, әртістің жұмысы, өмірі бәрі оңай бола бермейді. Сынақ болады. Сондай жұмыс істеу керек, дисциплина бар. Сонымен бірге бес сағат жетеді»,- дейді «Найнти уандықтар».
Топ продюсері Ерболат Беделхан фильмнің қалай, не жайында түсірілгенінен аз да болса мәлімет беріп кетті.
«90 пайыз осы өмірден алынған еттік. Оның сюжеті шамамен мынадай болмақ. Осы Q-Pop субмәдениеті қалай құрылды, қандай қиыншылықтардан өтті, міне, осы. Бүкіл жайтты ашып айта алмаймын. Киноға келіңіздер»,- деді Ерболат Беделхан.
Айта кетейік, осындай оқиға бейнеленетін бұл картинаның түсірілімі бір айдан соң өз мәресіне жетеді. Ал, үлкен экранға күз мезгілінде жол тартпақ.