«Ninety One» туралы фильм күзде шығады

Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.

“Осыдан екі күн бұрын біздің фильмнің түсірілімі бітті. Алдағы қыркүйек айында 91 тобының бастарынан өткен шынайы оқиғаларын көре аласыздар”, – дейді ZAQ.

Топ жаңа түсірілген фильмдерінде өздерінің ән айту бағыттарын кеңірек баяндайтын болады. Сонымен қатар, екі жыл ішінде басынан өткен қиындықтарын да көрсетеді.

Ninety one тобы фильмдерінде тыңдармандарын да ұмытпаған. Есболат Беделханның келіншегі Асыл топтың тыңдармандарының саны 50 мыңға жеткенін айтты.

ДереккөзBaistars.kz