“Әртіс болғаннан кейін, әртістің жұмысы, өмірі бәрі оңай бола бермейді. Сынақ болады. Сондай жұмыс істеу керек, дисциплина бар. Сонымен бірге бес сағат жетеді”,- дейді “Найнти уандықтар”.
Топ продюсері Ерболат Беделхан фильмнің қалай, не жайында түсірілгенінен аз да болса мәлімет беріп кетті.
“90 пайыз осы өмірден алынған еттік. Оның сюжеті шамамен мынадай болмақ. Осы Q-Pop субмәдениеті қалай құрылды, қандай қиыншылықтардан өтті, міне, осы. Бүкіл жайтты ашып айта алмаймын. Киноға келіңіздер”,- деді Ерболат Беделхан.
Айта кетейік, осындай оқиға бейнеленетін бұл картинаның түсірілімі бір айдан соң өз мәресіне жетеді. Ал, үлкен экранға күз мезгілінде жол тартпақ.