Басты бет Жаңалықтар «Реал» Роналдудың орнын басатын үштікті атады

«Реал» Роналдудың орнын басатын үштікті атады

«Реал» Криштиану Роналду командадан кеткен жағдайда оның орнын баса алатын ойыншылар іздеуде. Қазірдің өзінде мадридтік команда Роналдуды алмастыра алатын үш ойыншы тауып үлгерді.

©Reuters

Олар – Килиан Мбаппе, Роберт Левандовски немесе Пауло Дибала.

Мадридтік команда басшылығы аталған үш ойыншының кез келгені Роналдуды «Реалда» жоқтатпайды деп есептейді.

Естеріңізге салсақ, салық төлемегені үшін үстінен қылмыстық із қозғалған Роналду «Реалдан» кеткісі келетіндігін айтқан. Ал Роналдудың командаластары оның бұл әрекетті айлығын көтерту үшін жасап отырған амал деп есептейді.

Бірнеше БАҚ Роналдуды «Манчестер Юнайтед» клубына ауысуға келісім бергендігін жазған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version