Басты бет Жаңалықтар Роналду салық төлемегені үшін 5 жылға сотталуы мүмкін

Роналду салық төлемегені үшін 5 жылға сотталуы мүмкін

Мадридтің "Реал" футбол клубы мен Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналду 5 жылға сотталуы мүмкін. Криштиану Роналду 2011-2013 жылдар аралығында ел қазынасына салық төлемеген. Бұл туралы Испанияның "Marca" басылымы хабарлайды.

Сот футболшының түрлі қулықтар арқылы жалтарғанын дәлелдеген. Әлем таныған аяқ доп шебері өз қателігін мойындап, айыппұл төлейтін болса  сот ойыншыны жайына қалдырады. Айыппұл көлемі 8 миллион еуроны құрайды.

Егер қарсы шығып, ісі толықтай расталса 15 айдан 5 жылға дейінгі аралықта жаза кесілуі мүмкін.

Айта кетейік, Испаниядағы салық мөлшері футболшылар жалақысының тең жартысына сәйкес келеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version