Басты бет Жаңалықтар БҰҰ: Босқындар саны 65 миллионға жетті

БҰҰ: Босқындар саны 65 миллионға жетті

БҰҰ мәліметі бойынша, 2016 жылы баспана сұраған және көшуге мәжбүр болған босқындар саны 65.6 миллионға жеткен. Былтырғы жылы босқындар саны рекордтық көрсеткішті көрсетіп отыр.

Көрнекі сурет

Өткен жылы орташа есеппен минутына 20 адам өз үйін тастап кеткен, яғни әрбір үш секундта бір адам босқын атанған, деп есептейді БҰҰ сарапшылары.

Босқындардың көпшілігі, нақтырақ айтсақ, бес жарым миллион адам Сириядан шыққан. Бұған қоса, баяндама дайындаушылар Оңтүстік Судандағы жағдайдың шиеленіскеніне назар аударды. Мұнда өткен жылғы әскери жанжалдан 800 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Жақында БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі басшысы Филиппо Гранди әлемдік қауымдастықты босқындарды орналастыратын орынды 13 есе көбейтуге шақырды. Оның айтуынша, қазір тағы бір миллионнан астам адамды орналастыру қажет болып тұр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version