Бүгін елімізде ҰБТ басталды

Биыл тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Мектеп түлектері ҰБТ-ны 165 өткізу пунктында тапсырады.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, биыл ҰБТ-ға қатысуға 92 827 түлек ниет білдірген. Олар биылғы мектеп бітірушілердің жалпы санының (131 377) 71%-ын құрап отыр. ҰБТ тапсыруға ниетті 69 209 түлек қазақ тілінде, ал 23 618 – орыс тілінде тапсырады.

ҰБТ 5 пән бойынша тапсырылады: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (20 тапсырмадан, шекті деңгейі – әр пәннен кемінде 5 баллдан) және таңдалған мамандыққа сәйкес 2 бейінді пәннен (30 тапсырмадан, шекті деңгейі 15 баллдан кем болмауы тиіс). 120 тесттік тапсырма бойынша түлек максималды 140 балл алуы мүмкін. Тапсырмаларды орындауға 3 сағат 50 минут уақыт бөлінеді.

ҰБТ 165 тапсыру пунктінің 1431 аудиториясында өткізіледі. Бұл аудиториялар байланыс сигналдарын бөгейтін құрылғылармен, металл детекторларымен, ҰБТ барысын бақылау және жазу бейнекамераларымен, сондай-ақ Интернет арқылы онлайн тарату камераларымен жабдықталған.

ДереккөзBaq.kz