Астанада Кореяның танымал балет тобы өнер көрсетеді

Шығармашылық ұжым Начо Дуато, Раймондо Ребек, Охад Нахарин сынды заманауи хореографтардың авторлық балеттерін орындайды. This is modern кеш бағдарламасында «Эльф», «Белый сон» «Минус 7» сынды қойылымдар ұсынылады.

– Біз Қазақстанда алғаш рет өнер көрсетеміз. Труппа құрамында 60-қа жуық әртіс бар, солардың ең мықты 35 бишісі гастрольдік сапармен Қазақстанға келе жатыр. «Астана Опера» көрермендері үшін жыл сайын Korean ballet festival (Сеул) фестивалінде қоятын репертуарымызды ұсынамыз. Бұл шағын спектакльдерге дүние жүзінде сұраныс жоғары, сол себептен Сіздерге де осы өнерімізді паш етпекпіз. Әлемдік ареналарда ыстық ықыласқа бөленіп жүрген балет қазақстандықтардың да көңілінен шығады деген үміттеміз, — дейді Universal Ballet директорының орынбасары  Тиен Рю.

Труппа осыған дейін әлемді үш рет шарлап шығып, Жапония, Колумбия, Түркия, Қытай, ОАР, Ресей, Франция, АҚШ, Канада, Омана және Сингапур елдерінде өнер көрсетті.