Кәсіпкер 500 балаға ЭКСПО билетін алып берді

Алматылық кәсіпкер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында осы іспеттес қайырымды істермен жиі айналысатынын айтады. Мәселен бұған дейін жетім қалған мүгедек балаға протез жасатып, Шымкентте ауру анасын бағып отырған жанұяға баспана алып берген.

Долкунтай Абдулхалил осындай қамқорлығы үшін «Алтын жүрек» сыйлығымен де марапатталған.

«Біраз баланы алып келдік. ЭКСПО-ны, Елбасымыздың үлкен еңбегін көрсету үшін. Бизнестің қолдағанын көрсету үшін. ЭКСПО-дан көп әсер алдық қазір. Балалар біраз әсер алып келе жатыр. Мақсатымыз — Қазақстанды көтеру. Халықтың әл-ауқатын жақсарту. Елбасымыз бізге де көп көмек көрсетіп жатыр», — дейді кәсіпкер.

 

Дереккөз24.kz