Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, қазіргі таңда елімізде 18 конфессия жұмыс істейді. Олар 3 658 діни бірлестікке біріккен. Қазақстандықтардың 15% – діндар адамдар, яғни діни рәсімдерді тұрақты орындайтындар. Азаматтардың 75% Құдайға сенеді, бірақ тұрақты түрде діни жораларды орындамайды және діни бірлестіктер қызметіне тартылмаған. Азаматтардың шамамен 10%-ы өздерін атеист немесе агностик деп санайды.
«Зерттеулер нәтижелері азаматтардың көбі зайырлылық құндылықтарын жоғалтып алуға болмайтын игілік деп есептейтінін көрсетті. Бұл ретте – зайырлы мемлекет –атеист мемлекет емес екенін атап өткім келеді», — деді министр.
Қазіргі уақытта министрліктің үйлестіруімен экстремизм мен терроризмнің профилактикасы бойынша жүйелі жұмыс жолға қойылды. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өз жұмысын бастады.
Айта кетейік, министрлік діни материалдарды тарату арналарына тұрақты мониторинг жасау жолға қойылды. 2016 жылы ведомство 10 750 сайтты зерделеді. Оның ішінде 1500-ге жуық сайттан заңсыз контент табылып, олар заң тәртібімен жабылды. 2017 жылы мониторинг объективіне 6 мыңнан астам сайт түсті. Оның ішінде 900-і заңсыз контент таратқан.