Жарыс трегінің аңызы Найзағай Маккуин қайтып келді!

Биыл, жазда Disney және Pixar студиялары, жарыс алаңының аңызы — Найзағай Маккуинді сүйіп көретін көрермендерге, жаңа, шапшаң әрі шытырманды оқиғаға толы – «Көліктер 3» мультфильмін ұсынады.

«Көліктер 3» — Walt Disney және Pixar студиясының, қазақ тіліне дубляждалған, комедиялық анимация франшизасының үшінші бөлімі. Адам тәріздес көліктердің шытырман оқиғасы, сол баяғы ғажайып жылдамдықта өрбиді. Жарыскер Найзағай мен оның достарын алда жаңа сынақтар мен зұлым қарсыластар, жаңа жеңістер күтіп тұр.

2011 жылы «Көліктер 2» мультфильмі, қазақ тіліне дубляждалған голивудтық кинокартиналардың алғашқы жобасы екенін атап өткіміз келеді.

Еліміздің кинотеатрларынан 15 маусымнан бастап, «Көліктер 3» мультфильмін қазақ тілінде көріңіздер!

Жоба ұйымдастырушылары: «Болашақ» Корпоративтік қоры «Marwin» компаниясының қолдауымен. 

Cинопсис:

Желмен жарысқан жарыс көліктерінің әлеміне замауи жаңа көліктер келіп, Найзағайды шаң қаптырған кезде, мульфильмнің басты кейіпкері – көпшіліктің көзайымына айналған, Найзағай Маккуин атты жарыс көлігі, шетте қалып қояды. Алайда Маккуин оңайлықпен берілмейді. Сондықтан, ол жас әрі дарынды механик Круз Рамирездің көмегіне жүгінеді. Круз – нағыз білікті маман және өз ісіне жан-тәнімен берілген. Ол Найзағайды қайта көшбасшы ету үшін арнайы  мінсіз жоспар құрады. Круз бен Маккуин жеңіске жету үшін бәсекелестердің қандай осал тұстарын пайдалану керектігін жақсы біледі.