Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

2 пікір

  1. ҚАРАЙЛАДЫМ
    Тебірене. Сөзі, әні Серікбай Маханұлынікі.

    Атты таңым жарық боп арайланып,
    Бақытымды көргенде шырайланып.
    Саған қарап ойланып қарай бердім,
    Кездесуге келгенде қарайланып.
    Қайырмасы:
    Сұлулыты көңілім сұрағанша,
    Нұр жүзіңе қарадым неге сонша.
    Мейлі жүрек қапысыз жылауменен,
    Күтудемін өмірден құлағанша. Сенен басқа ешкімді қаламаймын,
    Әсемдікті бір сенен армандаймын.
    Табиғаттың силаған көркемдігін,
    Қарсы алам, бірақта сұрамаймын. . Қайырмасы:
    Кеттің қайда сағым боп мені тастап,
    Жыр ойнатып күйіңмен маған арнап.
    Жасымаймын тік тұрып барлығына,
    Жауап берем сондықтан саған жасап.
    Қайырмасы:

  2. АУЫЛ ТҮТІНІ
    Ойланып. Сөзі,әні.Серікбай Маханұлынікі.

    Сағынып келсем алыстан,
    Ауылдан түтін жарысқан.
    Будақтап барады жол шегіп
    Көктегі бұлтпен табысқан.
    Қайырмасы:
    Киелі едің сен маған,
    Босағаң берік атанған.
    Қашаннан бері мерейлі
    Меймандос елім аталған.
    Есігін ашып ауылдың,
    Мінезін көрмей дауылдың.
    Туған жер қандай ыстықсың
    Таудағы жауған жаңбырдың.
    Қайырмасы:
    Түтіні көкке өрлеген,
    Намысын бермей тербеген.
    Анамның берген уызын
    Әлдимен салам мен деген.
    Қайырмасы: