14 маусым: Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Кей жерлерде жауын-шашын жауып, екпінді жел, тұман болады деп күтілуде.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы  17-22 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде түнде және таңертең тұман түседі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы — 15-20 м/с. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейіп, таңертең және күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл мен жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қ: көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 5-10 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +17+19°С, күндіз +31+33°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта  жаңбыр жауады, найзағай болады. Желдің күші 2-7, найзағай кезінде желдің екпіні 10 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +17+19°С, күндіз +28+30°С болады.

 

ДереккөзҚазгидромет