Басты бетЖаңалықтарИспания прокуратурасы...

Испания прокуратурасы Роналдудың үстінен қылмыстық іс қозғады

Прокуратура 2011-2014 жылдар аралығы футбол жұлдызы 14,7 миллион еуро салықтан жалтарғанын анықтаған.

Арызда көрсетілгендей, Криштиану Роналду шынайы табысын жасыру үшін 2010 жылы жасаған «бизнес-құрылымды» пайдаланған.

Бұған дейін испаниялық БАҚ Роналдудан төленбеген 8 миллион еуроны өндіріп, 12 ай түрмеге қамалуы мүмкін екенін жазған. Осыдан кейін португалиялық футболшының өз еркімен 6 миллион еуроны төлегені хабарланған.

ДереккөзTengrinews.kz