Астанада «BookDating» кітапсүйер қауымның кездесу кеші өтеді

2016 жылы жүзеге асырылған «BookDating» жобасы кітапсүйер қауымға ұйымдастырылған платформа ұсынады. Кітапсүйер оқырманның 2017 жылғы төртінші кездесуі 3 спикердің қатысуымен өтеді. Кездесуге ғылым әдебиет, бизнес, медиа саласында есімдері белгілі адамдар шақырылады.

«Біз оқырман мен танымал адамдар арасындағы көпірміз десек артық емес. Қонақтар оларға ерекше әсер сыйлаған, есінде қалған үш ктіп туралы айтатын болады. Шара соңында кітаптармен алмасып, фотосессия жасалады», — дейді ұйымдастырушылар.

Бүгінгі күнге болған қонақтар ішінде журналист Ержан Рашев, қалалық «Astana Invest» инвестицияларды дамыту орталығы бас директорының орынбасары Қуат Болатов бар.

ДереккөзAstana.gov.kz