Тегін сабақтар «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында ұйымдастырылып отыр. Кәсіпқой бапкерлер балаларды бассейндермен қамтылған бес спорт кешенінде жүзуге үйрететін болады. Олар:
- Сейфуллина 404;
- Сейфуллина 14;
- Тимирязева 41;
- Яссауи 1Б;
- Өтемісұлы 1 (Шаңырақ ықшамауданы) көшелерінде орналасқан.
Балаларға арналған жүзуден жаттығулар жаздың соңына дейін аптасына 2-3 мәрте өтетін болады.
«Бұл уақыт сергіп, жүзу әдістерін үйренуге жеткілікті. Қатысушыларды топтарға бөлетін болсақ, бастаушыларды дұрыс дем алуға үйретеміз, содан соң, негізгі жаттығуларға көшеміз. Оларға барлық жүзу әдістерін меңгеруге арналған жаттығулар жатады. Оның ең күрделісі – баттерфляй. Бағдарламаның соңына дейін барлығы жүзіп үйренеді деген ойдамын. Әлбетте, балалардың ынталарына да байланысты. Алайда, жетістіктер жаман емес», — деп бөлісті Aquastars бассейнінің жаттықтырушысы Вячеслав Горев.
Бұл сабақтарға көпбалалы, жағдайы төмен отбасылардың балалары және балалар үйінен шыққан жасөспірімдер қатыса алады. Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы осы жылы балалар санын тағы 1000-ға көбейтті. Өткен жылы 1000 адам қатысса, осы жылы 2000 бала жаздың соңына дейін тегін жүзу сабақтарына қатысуға мүмкіндіктері бар.
Еске сала кетейк, «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында биыл коньки тебуді тегін үйретсе, ал өткен жылы осы жоба арқылы жеткіншектер атқа мінуді және жүзуді үйренген болатын.
Бұл акция маусымның 1-і күні басталып, тамыздың соңына дейін жалғасады.