Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Мүгедектерді күтушілерге зейнетақы қалай төленеді?

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы азаматтардың еңбек өтіліне қарай тағайындалады. Ал мүмкіндігі шектеулі жандардың күтушілері тек бала кәмелеттік жасқа толғанға дейін ең төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақы алады.

«Мүмкіндігі шектеулі жандардың күтушілеріне базалық зейнетақы тағайындау кезінде мүгедектерге қанша жыл қатарынан қарағаны ескеріледі. Әрине олардың еңбек өтілін 10 жыл мерзімге дейін есепке аламыз. Ал оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енгізу мәселесі шешімді талап етеді», — дейді Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.

Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала 18 жастан асқаннан кейін де оларды қарайтын адамдарға жәрдемақы беру мәселесін ойластырып жатыр. Кететін шығынды есептеп, Қаржы министрлігіне тиісті ұсыныс та жолдаған.

2 комментария на «“Мүгедектерді күтушілерге зейнетақы қалай төленеді?”»

  1. Саламатсыздарма ия бар лык жаналыкты окып жатырмын дегенмен мугедектерге тагаиындалган жардем акы оздеринин дари дармегинеде жетпиди . Тургын уи кезеги биринши болып мугедектерге берилсе екен.

  2. Салеметсіздерме.мен енемді қарап отырмын.өзімнің 5балам бар .төртеуі мектеп жасында .енем 1топ мүгедегі.бірақ ешқандай күтімге пқша алмаймын.сұрап көргенмін тегін памперс аласың сондықтан берілмейді деді.Енем мүлде қозғала алмайды. Өте ерекше күтімді қажет етеді.қаншалықты рас.маған анықтап беріңіздерші.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version