Экс-министр Қуандық Бишімбаев 2017 жылдың қаңтар айынан бері қамауда отыр.
10 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын.
«Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан», — деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері.
Кейін ол қамауға алынған болатын.
8 айға жуық министр болған Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу әлі жалғасып жатыр.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып келген 36 жастағы Бишімбаевтың ұсталғаны жайлы хабар қоғамда қызу талқыланған еді.