қарбыз

Қарбыздың аз көлемде егілуіне өңірдегі кейбір шаруалардың егістік шығындарын уақытында игере алмауы мен әрі қаржы тапшылығы себеп болыпты.

“Өткен жылы қарбызға нарықта сұраныс та аз болған. Енді аймақта мақта мен мақсыр өсіру жоспарланып отыр”, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдері.

Алайда бұл жағдай нарықта қарбыздың тапшылығына әсер етпейді. Осы жылы одан 1 млн 100 мың тонна өнім алынбақ. Оңтүстіктің қарбыздары көбінесе Ресей Федерациясына экспортталады.

“Егістік көлемінің қысқару себебі, біріншіден, ағымдағы жылдан бастап министрлік тарапынан көкөніс, бақша дақылдарының субсидиясының тоқтатылуына байланысты, екіншіден, ерте мерзімде пісетін дақылдарға пленкаларға қаржының тапшылығынан қысқарып отыр”, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі Кеңесбек Алпысбаев.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!

Пікір қосу